Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "Достық" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы КМҚК
0

Приозерск қаласының өрт сөндіру бөліміне экскурсия

Бүгін “Достық” балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының тәрбиеленушілері қалалық өрт сөндіру бөлімшесіне экскурсия жасап қайтты.
Балалар өрт сөндірушілердің жауапты да қауіпті еңбегімен танысып, арнайы техникалар мен құрал-жабдықтарды көріп, өрт қауіпсіздігі ережелері туралы пайдалы мағлұмат алды.

Кездесу барысында өрт сөндірушілер балаларға өз жұмыстары жайында әсерлі әңгімелеп, қауіпсіздік мәдениетін сақтау туралы кеңестер берді.
Бұл экскурсия балалардың отансүйгіштік сезімін арттырып, батылдық пен жауапкершілікке тәрбиелеуге үлкен үлес қосты.

Құрметті төтенше жағдайлар қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – ҚР Төтенше жағдайлар қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің батылдықтарыңыз бен жанқияр еңбектеріңіз – қоғам қауіпсіздігінің кепілі. Сіздер күн сайын адамдардың өмірі мен амандығы үшін күресіп, нағыз ерлік пен адамгершіліктің үлгісін көрсетіп келесіздер.
Сіздерге мықты денсаулық, отбасылық бақ-береке және қызметтік табыстар тілейміз!
Еңбектеріңіз абырой мен құрметке толы болсын!