Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "Достық" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы КМҚК
0

«Күз сыйы» жәрмеңкесі

17-қазан күні орталығымызда күзгі жәрмеңке өтті. Іс-шараға үйірме тәрбиеленушілері, ата-аналар мен ұстаздар белсене атсалысты. Жәрмеңке барысында әр үйірме өз өнімдерін дайындап, сөрелерге қойды. Тәрбиеленушілер қолдан жасаған тәттілер, бәліштер, сусындар мен түрлі бұйымдар ерекше сұранысқа ие болды. Шараның басты мақсаты – тәрбиеленушілердің кәсіпкерлік қабілетін дамыту, еңбектің қадірін ұғындыру және ұжыммен жұмыс істеуге баулу. Жәрмеңке өте көңілді өтті. Қазылар алқасы балалардың дайындығына жоғары баға беріп, қолдау көрсетті. Мұндай шаралар тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілетін арттырып қана қоймай, оларды еңбексүйгіштікке тәрбиелейді.