Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "Достық" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы КМҚК
0

30 қазан күні «Достық» орталығының тәрбиеленушілер тобы психолог Ирина Николаевнаның жетекшілігімен кітапханаға қызықты саяхат жасады.

Топтағы кейбір балалар мұнда алғаш рет болды. Бізді жылы жүзді кітапханашылар мен нағыз сиқырға толы кітап әлемінің ерекше атмосферасы қарсы алды.
Осы күні кітапханашылар қаламыздың тарихы жайлы тамаша экскурсия өткізіп, Приозерск көшелеріне есімдері берілген көрнекті тұлғалар туралы әңгімелеп берді.
Сонымен қатар, қыздарды жарқын жаңа әдебиеттер, үстел ойындары және тәтті сыйлықтар күтіп тұрды! Тағы бір жағымды тосынсый - сөрелерде ата - аналары үйде оқу үшін арнайы тапсырыс берген қымбат кітаптар топтамасы табылды. Сондай - ақ сүйікті фильмдер желісі бойынша жазылған туындылар мен қорқынышты оқиғалар жинақтары бар тұтас бір сөре көзге түсті. Кітапхана кіреберісінде қала тұрғындары бір - бірімен бөлісетін кітаптарға арналған екі арнайы стеллаж орналастырылған екен.
Үйге бір сөмке кітап алғымыз келді, алайда тек 2 - 3 кітаппен шектеліп, оларды бірнеше күнде оқып шығуға және кітапханада қайта кездесуге уәделестік.
Жылы қарсы алғаны, назарлары мен қызықты кездесу үшін кітапхана қызметкерлеріне шын жүректен алғыс айтамыз