Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "Достық" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы КМҚК
0

«Біздің кіші бауырларымыз» атты акция

06.11.26 ж. «Көшбасшылар мектебі» үйірмесінде «Біздің кіші бауырларымыз» атты акция өтті. Акцияның мақсаты - қаңғыбас жануарларға көмек көрсету болды. Балаларға «кіші бауырларымызға» жанашырлықпен және жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеу көзделді.

Балалармен «Қаңғыбас жануарлармен қарым-қатынас кезіндегі қауіпсіздік шаралары» тақырыбында әңгіме өткізілді. Қоғамдық орындарда көгершіндерді тамақтандыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Балалардың мейірімді жүректері қаңғыбас жануарларға үлкен түсіністікпен, жанашырлықпен қарады. Осындай іс-шаралар арқылы біз балалардың бойында сезімталдықты, қамқорлықты және нақты іспен көмектесуге дайын болуды тәрбиелейміз.
Тәрбиеленушілер бұл игі іс барысында ең шынайы, жылы сезімдерді бастан өткерді.