Данько Артём Викторовичтің жетекшілігімен волейбол секциясында «Допты қабылдау және беру» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақ құрылымы нақты әрі жүйелі болды. Сабақтың басында бұлшық еттерді қыздыруға және қимыл үйлесімділігін дамытуға бағытталған белсенді жаттығу жүргізілді.
Негізгі бөлімде тәрбиеленушілер волейболдың негізгі элементтерін пысықтады:
- тор астындағы шабуыл;
- қарсы шабуыл (контратака);
- доп беру (подача);
- тор маңындағы қорғаныс әрекеттері.
Жаттығулар жұппен, тор астында үштікпен, сондай-ақ доп беру мен қорғау кезінде топпен жұмыс жасау форматында өтті. Бұл әр баланың сабаққа белсенді қатысуына мүмкіндік берді.
Сабақ соңында командалар арасында оқу ойыны ұйымдастырылып, балалар меңгерген әдіс-тәсілдерін іс жүзінде көрсетті. Ашық сабақ жарқын, мазмұнды өтіп, тәрбиеленушілердің дайындығы мен жаттықтырушының кәсіби шеберлігін айқын көрсетті.
Волейбол секциясындағы ашық сабақ















