Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "Достық" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы КМҚК
0

“Тілдер әлемі” квест

14 қараша күні Орталықта “Тілдер әлемі” атты квест өтті.
Квестке ағылшын және қазақ тілі үйірмелерінің тәрбиеленушілері қатысып, өздерінің тілдік қабілеттері мен білім деңгейін көрсетті.
Шара барысында қатысушылар түрлі тапсырмалар орындап, викториналарға жауап беріп, шығармашылық және логикалық кезеңдерден өтті. Бұл олардың қазақ және ағылшын тілдерін меңгеру дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
Квесттің мақсаты - балалардың екі тілге деген қызығушылығын арттыру, тілдік құзыреттілігін жетілдіру және командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыру болды.
Іс - шара белсенді әрі қызықты атмосферада өтті. Соңында белсенділік танытқан тәрбиеленушілер марапатталып, барлық қатысушыларға тәттілер таратылды.