Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "Достық" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы КМҚК
0

Балқаш қаласы әкімінің кубогына арналған қазақ күресінен жарыс

2025 жылдың 14 - 15 қараша күндері қазақ күресінен 2012 - 2013 жылы туған жасөспірімдер және қыздар арасында Балқаш қаласы әкімі Кубогіне арналған турнир өтті. Аталған жарыста Қарағанды, Балқаш қалалары және Ақтоғай, Шет, Сары - шаған, Тасарал ауыл және аудан командаларының балуандары 11 салмақ дәрежесінде күш сынасты. Осы жарысқа Приозерск қаласының «Достық балалар және жасөспірімдер» орталығы командасының балуандары қатысып, Уразбай Інжу 45 кг салмақта жүлделі 3 - орынды жеңіп алды.

Приозерск қаласының құрама командасы балуандары жарыстың командалық есебінде жүлделі 3 - орынды иеленді.