Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "Достық" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы КМҚК
0

Бокс секциясындағы ашық сабақ

Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «Достық» балалар- жасөспірімдер шығармашылық орталығы » комуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны педагогі Б.К Умбеткулов 21.11.2025 ж бокстан «Соққы жылдамдығын арттыру» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар жоғары жетістіктерге жету үшін ең алдымен ұтымды әдістермен қатар, қажетті қимыл дағдыларды қалыптастыруда өздерін жан-жақты қырынан көрсете білді, топтық жұмыстар жасалынды. Сондай-ақ жан-жақты дайындықтың деңгейін көтеру себептеріне байланысты бокстың көп түрлі әдістік тәсілдерімен, бокс әдісінің жіктелуі, тұрыс және қозғалыс, ұрысқа қажетті тұрыс, адымдап орын ауыстыру, секіріп орын ауыстыру, боксшының тұрысы және қозғалысымен танысты. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, сабақ мақсаты айқындалып, оқушылардың мүмкіндіктері мен қабілеттері қамтылды.