Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «Достық» балалар- жасөспірімдер шығармашылық орталығы КМҚК педагогі Е.Турмаханов қазақша күрестен «Белбеуден немесе жеңнен ұстап қырқа шалу» тақырыбында 24.11.2025ж ашық сабақ өтті.Екі адамның белгілі бір уақыт аралығында белдесіп күш сынасуын күрес деп атайды. Күресте дайындығы мол, күшті әрі епті балуан жеңіске жетеді.
Күрес денені шынықтырады. Ол адамның қимыл - қозғалысын жетілдіреді. Күрестің бірнеше түрі бар.
Қазақ күресінің әдіс - тәсілдері.
а) Әдісті қолданушы қарсыласының оң жеңінен ұстап, оң қолмен белбеуден ұстап, жамбас әдісін қолданып құлату
б) Жеңнен омыраудан ұстап иықтан асыра тастау.
в) Желкеден жеңнен ұстап қырқа әдісін қолданып құлату.
г) Жеңнен, жағадан ұстап шалу әдісін қолданып құлату
д) Жаға, жеңнен ұстап іштен
шалып құлату әдісін қолдану
е) Жеңнен белбеуден ұстап жаңға тастау әдісін қолдану
Сабақ барысында Еркебұлан ағай балаларға жоғарыда аталған әдіс түрлерін таныстырып,кілем үстінде өзі балалармен жеке-жеке қырқа шалу әдісін тәжірибе жүзінде іске асырды.















