Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "Достық" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы КМҚК
0

Бокстан қалалық жарыстар. 2025 жылдың желтоқсаны
21.12.2025 жылы ҚР Тәуелсіздік күніне орай "Достық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында" Бокстан жасөспірімдер мен кіші жасөспірімдер арасында Приозерск қаласының біріншілігі өтті. Турнирге қаламыздың бокс үйірмесінің тәрбиеленушілері мен қатар "Қоржын" жекпе-жек клубы және Сарыған кентінен 110 спортшы 38 салмақ дәрежесінде сынға түсті. Жекпе-жектер өте тартысты өтті. Жеке техникалық шеберлігімен көзне түскен боксшылар "үздік техникасы" үшін және "жеңіске деген жігерлігі "үшін номинациярымен марапатталды. Қала әкімінің орынбасыры Алмаз Ұлан, Орталық Әскери Спорт клубының басшысы Нарзиев Бекет бастаған өзге де спортқа жанашыр азаматтар спортшыларды қаржылай сыйлықтарымен марапаттады. Турнирді ұйымдастыруға қолдау көрсеткен Достық орталығының басшылығы мен қала жастарына алғысымызды білдіреміз! Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз.