2025 жылғы 7 желтоқсанда Приозерск қаласының спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған қалалық футбол жарыстары өтті. Жарысқа 2015-2016 жылы туған ұл балалар қатысты. Турнирге 7 команда қатысты:
- «Достық» орталығының 3 командасы;
- № 3 жалпы білім беретін мектептен 1 команда;;
- Сары-Шаған станциясынан 2 команда;
- қалалық құрама команда.
Жарысқа барлығы шамамен 80 жас спортшы қатысты. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, командалық бірлікті және жеңіске деген жігерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
1 орын - «Достық» орталығының командасы
2 орын - № 3 ЖББМ командасы
3 орын - «Достық» орталығының командасы
Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Жас футболшыларға жаңа жеңістер, спорттық жетістіктер және биік мақсаттарға жетуді тілейміз!