2025 жылдың 10-14 желтоқсан күндері Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласынды 2006-2008 жылы туылған жастармен қыздар арасында дзю-до күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа Қарағанды облысынан жалпы саны 50 дзю-дошы қатысты. Облысымыздың құрама командасында Приозереск қаласының «Достық балалар және жасөспірімдер» орталығы дзю-дошысы Чатымбай Нұрайда қатысты. Нұрай 2025 жылдың 3-4 желтоқсан күндері Қарағанды қаласында өткен облыстық іріктеу жарысында 52 кл салмақта жүлделі 3 орынды жеңіп алып Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысуға жолдама алды.
Жаңаөзен қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатына
19 облыс және қалалардың дзю-дошылары, жастар 7 салмақта, қыздар 7 салмақта күш сынасты. Осы жарыста командалар арсында бас жүлдені Қарағанды облысының дзю-дошылары жеңіп алды, екінші орынды Алматы облысы, ал жүлделі үшінші оырнды Түркістан облысы жеңіп алды.